Құс тұмсық жүзік
Құс тұмсық жүзік –құс жақсылық хабардың жаршысы. Қазақ халқы құсты еркіндік, мейірімділік пен қайырымдылық, бейбіт өмір белгісі ретінде бағалаған. Сондықтан да «құстұмсық» жүзікті қыздардың саусағына тағады. Ертеде құстұмсық жүзік қыздың төркініне бір жылға жетпей қайтып келген. Бұл қыздың «жағдайым жақсы» деген ишарасы саналған. ХІХ ғасыр.